Алғашқы қазақ мектептері

Тарихқа көз жүгіртер болсақ, қазақ даласында алғаш рет мектеп ашқызған – Жәңгір хан. Бірақ бұл – бұған дейін қазақ жерінде оқу-ағарту мүлде болмаған деген сөз емес, балалар ауыл молдасынан оқып, хат танып, сауат ашқан. Жәңгір хан XIX ғасырдың 30-шы жылдарында мектеп ашуды ойға алады. Бұл мектеп балаларды Ресейдің арнайы оқу орындарына түсу үшін алдын-ала дайындау мақсатында құрылмақшы еді. 1841 жылы хан ордасында алғашқы мектеп ашылды. Мектептің бар шығындарын Жәңгір хан өзі қайтыс болғанға жеке қаражатынан төледі, тіпті, шәкірттердің сынақтарын да өзі өткізіп отырды. Ол мектептің алғашқы ұстазы болды, ал татар Садриддин Аминов мектеп ісі бойынша оның көмекшісі қызметін атқарды.
1860 жылы Ыбырай Алтынсарин Орынбор облыстық басқармасына өтініш жазып, қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуға ресми рұқсат алды. Оқу құралдарының, оқу ғимаратының болмауы және тағы басқа қиындықтарға қарамастан 1861 жылы Торғай мектебіне мұғалім қызметіне атанды. 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің ашылуы өтті. Қазақ даласында оны «Қара шаңырақ», «Алғашқы қарлығаш» деп атады. Мектеп ғимаратының құрылысы 1882 жылы басталды, ал 1884 жылы Троицк орыс-қазақ мектебі жаңа тас ғимаратқа көшіріліп, «Қостанай екі сыныптық орыс-қазақ училищесі» деп атала басталды.
Ыбырай Алтынсарин Торғайда қолөнер училищесін ашты, кейін ол Яковлев училищесі деп аталды. Қыз балалардың да сауат ашуына да ықпал етті. Жоғарғы жақтың тарапынан көптеген кедергілерге тап болса да Ырғызда қазақ қыздарына арналған интернаты бар арнайы мектеп ашты. Уездік, болыстық, ауыл мектептерінің ашылуымен бірге Алтынсариннің басты еңбектерінің бірі — 1883 жылы Орск қаласында тұңғыш қазақ Мұғалімдер мектебінің ашылуы. Онда қазақ мектептері үшін мұғалімдер даярланды.
Қазіргі таңда алғашқы ұстаз – Ыбырай Алтынсарин есімімен аталатын білім мекемелері жүзден асады. Десек те, Торғай өңіріндегі мектептің орны бөлек. Мектеп ғимараты сақталмаса да, іргетасынан қайтадан жаңа мектеп бой көтерген, бүгінде бұл оқу ордасында 540 оқушы білім нәрімен сусындап отыр. Әр жыл сайын сәулетті білім ордалары бой көтеруде, қазақ халқының білім шыңына шығуын мақсат тұтқан ұлы тұлғалардың армандары жүзеге асуда.